Жамбыл облысы, Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады:
Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.