Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қоразбаевтан екі қызым болады деген үш ұйықтасам түсіме кірген емес - Сандуғаш Стамғазиева

16:41, 13 желтоқсан 2023 260
Белгілі әнші Сандуғаш Стамғазиева жұрт арасында тараған қауесетке бұрын да жауап берген, ол туралы қазір де айтып жүр.

Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында композитор Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашып айтты.

"Алтынбекпен қарым-қатынасымыз жаман болмады. Жаман болмайды да. Өйткені, балалар болғасын, ол үзілмейді. Мен үзгенмен де, балалар қарым-қатынасты үзбейді. Балаларым өсті. Олар толыққанды отбасы болғысы келеді. Ол кісіге түсіністікпен қарасаңыздар деймін. Бастапқы кезде қабылдамау болады. Уақыт өте келе, мойындайтын кез келеді.

Бізде өсек-аяң, аяқтан шалу көп қой. Бұл тек Алланың қолында ғой. Бізде осындай болады деп ойламадық. Алтынбек Қоразбаевтан екі қызым болады деген нәрсе үш ұйықтасам, түсіме кірген емес. Бірақ маңдайыма жазғанды көріп жатырмын. Үлкен қызым Алтынай - 19 жаста. Сафиянұрым 10-сыныпта оқиды. Алла маңдайыма жазғанды көріп жатырмыз", - деді Сандуғаш Стамғазиева.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар