Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп жазады Alash.kz.
Бұл дерек бойынша полиция шұғыл түрде қылмыстық іс қозғап, сәбидің анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын бастады.
«Қазір полицейлер фактіге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталған соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда құқық қорғау органдары өңірдегі барлық медициналық ұйымдарды тексеріп жатыр. Бұл қадам босану белгілері бар әйелдерді анықтау және оқиғаның толық мән-жайын ашу үшін қолға алынған.