Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қонақ үйден мәйіті табылды» - Танымал актердің қызы жұмбақ жағдайда қаза болды (ФОТО)

09:11, 02 қаңтар 2026

Америкалық танымал актер Томми Ли Джонстың 34 жастағы қызы Виктория Калифорния штатының Сан-Франциско қаласындағы Fairmont қонақ үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

TMZ басылымының хабарлауынша, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның қаза болғанын растады. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі белгісіз.

Виктория әкесінің жолын қуып, актерлік мансабын бала кезінен бастаған болатын. Ол 2002 жылы жарық көрген «Қара киімділер 2» (Men in Black II) фильміне түскен. Кейінірек «Бір тал төбе» (One Tree Hill) телехикаясында және әкесі Томми Ли Джонс режиссерлік еткен «Үш мола» (The Three Burials of Melquiades Estrada) драмасында рөлдер сомдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар