Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонақ үйден алапат өрт шығып, 14 адам ауыр жағдайда қаза тапты

Қонақ үйден алапат өрт шығып, 14 адам ауыр жағдайда қаза тапты

Үндістанның шығысында орналасқан Батыс Бенгалия штатында орналасқан қонақүйде орын алған жойқын өрт салдарынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Өрт Батыс Бенгалияның әкімшілік орталығы – Калькуттаның орталық бөлігіндегі Фалпатти Мачхуа ауданынан алыс емес жерде орналасқан қонақүйде шыққан.

«Бұл өрт 14 адамның өмірін қиды, олардың денелері табылды. Бірнеше адам құтқарылды», – деп мәлімдеді журналистерге Калькутта қалалық полициясының жоғары лауазымды өкілі Манодж Кумар Верма.

Оның айтуынша, өрт толықтай бақылауға алынған, алайда оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

 Өрттің шығу себептері анықталуда. Кейбір деректерге сүйенсек, өрт асүй аумағында газдың ағып кетуінен кейін басталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар