Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонақ үйдегі қорқынышты көрініс туристің үрейін ұшырды (ВИДЕО)

10:23, 06 ақпан 2025 267

Туристің қонақүй бөлмесінен тапқан ерекше олжасы желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Alash.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

TikTok желісінде Амстердамда түсірілген видео танымалдыққа ие болып, 25 миллионнан астам қаралым жинады. Қолданушылар стандартты деп айту қиын қонақүй бөлмесінің ерекше интерьерін қызу талқылауда. Бейнежазбада автор Corendon City Hotel Amsterdam қонақүйіндегі бөлмесін көрсетеді.

“Бұл жай ғана қонақүй бөлмесінің шолуы. Стандартты заттар: шкаф, орындықтар, жайлы төсек, теледидар… Ал мынау – бөлменің қақ ортасындағы ұшақ. Орналасу орындары, жанып-сөнетін шамдар мен әртүрлі тетіктерді басуға болатын толыққанды пилот кабинасы бар. Және бұл жай ғана стандартты бөлме”, – деп бөлісті видео авторы.

Белгілі болғандай, видео авторы 737 Suite деп аталатын бөлмеде түсірілім жасаған. Бұл бөлменің интерьеріне Boeing 737 ұшағының алдыңғы бөлігі енгізілген. Қонақүй әкімшілігі қонақтарға ерекше атмосфера сыйлау үшін нағыз ұшақ бөлшегін бөлмеге қосқан. Мұнда келушілер тек пилот кабинасының жанында ұйықтап қана қоймай, өздерін нағыз ұшқыш сезіну мүмкіндігіне ие.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар