Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонақ үйдегі алапат өрт: Қаза тапқандар саны 76 адамға жетті

10:13, 22 қаңтар 2025 1794

Сейсенбіге қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйде өрт шықты. Өрт жылдам таралып, ғимараттың барлығын қамтыды. Қайтыс болғандар саны 76 адамға жеткенін ішкі істер министрі Али Ерлікая мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін ол 51 адамның зардап шеккенін мәлімдеген болатын. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

Өрт жергілікті уақыт бойынша 03:27-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) Grand Kartal қонақүйінің 12 қабатты (кейбір мәліметтер бойынша 11 қабатты) ғимаратында басталған.

Қазіргі уақытта Түркияда екі апталық жалпыұлттық мектеп демалысы басталып, шаңғы маусымының қызған шағы болғандықтан, қонақүйде 234 қонақ болған.

Болу губернаторы Абдулазиз Айдынның алдын ала деректерге сүйеніп айтуынша, өрт қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағынан шығып, жоғарғы қабаттарға таралған.

Қонақүй Болу орталығынан біршама қашықта орналасқан. Аязды ауа райымен бірге бұл жағдай өрт сөндірушілердің оқиға орнына жетуін бір сағаттан аса уақытқа созған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар