Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонақ күтуден қолы босамаған әйел бес айлық сәбиін өлтіріп алды

12:45, 18 қыркүйек 2025 258
 

Абай облысында тұмаумен ауырған бес айлық қыз бала көз жұмды. Нәресте ауырып жатқанда анасы қонақ күтіп жүрген, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Orda.kz порталына сілтеп.

Патологоанатом Жансая Советханның айтуынша, кішкентай қыз үйінде ыстығы көтеріліп ауырады. Анасы үйде қонақтар болғандықтан, баланы ауруханаға дер кезінде апармаған. Сөйтіп бес күн бойы өзінше ем жасап, ыстық түсіретін дәрі бере берген. 

Алайда, бесінші күні нәрестенің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Сағат 16:30-да жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген бала бірден жансақтау бөліміне түседі. Өкінішке қарай, ол сағат 20:00-де көз жұмды.

«Соңғы клиникалық және менің патологоанатомиялық диагнозым – сепсис. Гистологиялық деректер бойынша, жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) белгілері бар», –деді дәрігер.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар