Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қол қойсам, шындықты жеткізе алмай қаламын": Ербаян Мұхтар ісі бойынша тың деректер шықты

21:08, 03 қараша 2024 1038

Әскерге сау барып, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар ісі бойынша жаңа деректер белгілі болды. Сарбаздың адвокаты Инга Иманбай тергеуші ауысқанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Ербаян Мұхтардың ісі бойынша бірнеше жаңалығым бар. Біріншіден, менің соңғы “тергеу бір орында тұр” деген Бас прокуратураға шағымымнан кейін тағы да тергеушіні ауыстырыпты. Енді екі қылмыстық істі де, әскерилерге қатыстыны да, дәрігерлерге қатыстыны да Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы басқарма бастығы подполковник Э.С. Алибай жүргізетін болды. Тергеушінің лауазымы жоғары болғаны істің алдыға жылжуына ықпал ете ме, жоқ па, оны көре жатармыз. 

Екіншіден, мені іс бойынша видеолармен таныстырған жоқ. Танысу үшін “іс бойынша деректерді жарияламау” туралы қолхат алғысы келді. Оған мен әрине келіскен жоқпын. Келесі шағымым осы факт бойынша болмақ. Себебі, ондай қолхатқа қол қойсам іс бойынша шындықты Сіздерге жеткізе алмай қаламын. 

Үшіншіден, сот-медициналық сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ. @takhir_khalimnazarov қатысуымен болған сараптама қорытындысы обьективті болады деп үміттенеміз.  Қазірге жаңалықтар осы. Міндетті түрде басқа да өзгерістер болса хабарлап тұрамыз. Ербаянның ісінің әділетіне тек қана қоғамдық бақылау арқылы қол жеткізе аламыз", деп жазды адвокат. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар