Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің күзетшісі жалпақ жұртты таңғалдырды. Ол шетелдіктерге ағылшын тілінде гид болып, қажетті ақпарат айтқан. Оның шет тілін жетік меңгерген видеосы желіге тарап, көпшілікті таңдандырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Күзетші шетелдік қонақтарға кесенедегі тайқазанды таныстырады. Оған адамдардың садақа салып, ырымдайтынын түсіндіреді.
Күзетшінің пікірін Azattyq Rýhy порталы жазды:
«Қытайдағы кейбір ғибадатханаларға барып, ақша тастап, тілек тілейсіз ғой, сол сияқты бұл жерге де адамдар көп келеді», - дейді күзетші.
«Е, қасиетті бизнес деңізші», - дейді өздерінше түсінген шетелдіктер.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Оның ішінде әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен жасалған алты ғасырлық тарихы бар қасиетті алып қазан – Тайқазан орналасқан.