Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қоя салыңдаршы!” - Гүлзира Айдарбекова ұлының желіде тараған суреттеріне қатысты пікір білдірді

17:58, 05 қыркүйек 2025 834

Әлеуметтік желілерде танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың той көйлегіндегі бейтаныс бикешпен бірге түскен суреттері тарап, қызу талқыға қалды, деп жазады Alash.KZ.

Желіде тараған фотодағы ару мен әншінің тарапына қолданушылардан түрлі пікірлер жауды:

Жұлдызыңдай болмайды бәрібір!

Өз теңін тауыпты! Құтты болсын!

Жақында ғана бесінші баласы өмірге келген әншінің бұл суреттері туралы анасы Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді:

“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар