Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызды жат жұрттық деу — фашизм: Дина Төлепбергеннің бұл пікіріне қоғам белсендісі сұмдық пікір білдірді (ФОТО)

10:57, 25 маусым 2024 2786

Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан өз facebook парақшасында журналист Дина Төлепбергенге шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Дина Төлепберген өз инстаграм парақшасында "Қызды жарт-жұрттық деу фашизм боп саналады" деген пікірімен бөліскен болатын. Бекболат Қаржан журналистің бұл пікірінің дұрыс емес екендігін және бұны естіген әр қыз бен ата-ана тура жолдан тайқып кетеді дегенге келтірді. 

"Қызды жат жұрттық деу — фашизм!" Енді қызыңызды ұзатсаңыз сіз фашист боласыз.
Қазақтың ұлттық дәстүрі мен салт санасына, ұлт құндылықтарына нағыз фашизм мен дұшпандық экспансияны дина төлепберген бастады. Енді, “фашист” (бұл терминнің отбасыға еш қатысы жоқ) болмайық деп қыздарыңызды оң босағада ұстап отырасыздар.
 
Ертең бұлар қарындасты туған ағасына қатындыққа беріңдер, жатқа бермеңдер деп те шығады. Ертең бұлар ру мен ру құда болмасын, жатқа берме, өз руыңа қызыңды бер деп шығады. Бұлардың ұстанған жолы салафизм мен уахаббизмнен де асып түсетін сияқты.
 
Біздің бір ғана миссиямыз қалды. Бақытсыздарды тыңдамай, елемей, қазақ болып қалудың қамына тездетіп кірісейік, ағайын.
 
Дина төлепбергенге арналған бірінші постымды фейсбук автоматты түрде өшіріп тастады. Бұлар қатты жұмыс істеп жатыр. Қазақтың талқанын шығарып, ұлттық болмысын қирату жолында бұлар қатты жұмыс істеп жатыр",-деді ол өз парақшасында. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар