Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қиын кезеңді бастан өткерген «Нұр-Мұқасан» мүшесі жаңа ән шығарды

11:45, 18 желтоқсан 2025

«Нұр-Мұқасан» музыкалық ұжымы шығармашылық қызметін жалғастырып, тыңдармандарына жаңа туындысын ұсынды. Топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында «Сен жоқ жерде» атты жаңа әнге түсірілген жаздық бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz Sn.kz сілтеме беріп.

Аталған туындының әуенін белгілі композитор Арман Дүйсенов жазса, мәтін авторы – ақын Ринат Зайыт. Жаңа шығарма топтың қазіргі құрамының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Ресми жазбада ұжым тыңдармандарына алғысын білдіріп, шығармашылық жолда көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін ризашылықтарын жеткізді. Әнді орындаған топ мүшелері Нұрлан Қонысбай мен Ғалымжан Сүлеймен жаңа жұмыстың жылы қабылданатынына сенім білдірді.

Желі қолданушылары жаңа әнге оң пікірлерін қалдырып, орындаушылардың вокалдық үйлесімі мен дуэт ретінде қалыптасқан бірлігін атап өтті.


Еске ала кетейік, соңғы уақытта топ төңірегінде орын алған келеңсіз жағдайлар қоғамда талқыланғанын атап өтеміз. Аталған оқиғаға байланысты барлық мән-жайлар заң аясында қаралуда. Ұжым бұл мәселеге қатысты ресми органдардың шешімін күтетінін және шығармашылық қызметті басты назарда ұстайтынын мәлімдейді.

«Нұр-Мұқасан» тобы алдағы уақытта да тыңдарманға сапалы музыкалық өнім ұсынуды мақсат етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар