Серік Сәпиев қызметінен не себепті кеткенін айтып, экс әріптесімен болған келіспеушілікке қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
"Орынбасарыма қатысты айтар болсам, ол заңға қайшы әрекеттер жасаған. Мен соны тоқтатуға тырыстым. Бірақ қиын жағдай болды: ұрсаң да кінәлісің, ұрмасаң да кінәлісің. Осындай жағдайда не істеу керек? Мен екінші нұсқаны таңдадым", – деді Серік Сәпиев YouTube желісіндегі "Почему не я" бағдарламасына берген сұхбатында.