Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы айдың артқы бетіне "Чанъэ-6" қондырғысының сәтті тұяқ іліктіргенін хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.
Оңтүстік полюстегі алдын ала белгіленген жерге құрылғы 2 маусым, жексенбі күні, Бейжің уақытымен 6.23-те қонды, деп жазады Reuters агенттігі.
Алдағы үш тәулік ішінде аппарат 2 килограмға дейін ай топырағының сынамаларын жинайды. Сынамаларды ай бетінен көтеріле келе арнайы апаратқа салады.
Қондырғы ай орбитасына капсуламен қонады, содан кейін Жерге оралады. Миссия 3 мамырдан басталып, 53 күнге созылады делінген.
Ең басты қиындық - айдың арғы бетінің көрінбеуінде және тікелей радиобайланыс орнатудың мүмкін еместігінде. Десе де, естеріңізге сала кетейік, Қытай бұрын да айдың арғы жағына құрылғы қондырып, оны қайтару миссиясын орындаған болатын.