Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайдағы Қара Ертіске салынған су қойма жарылды. ШҚО-ға қауіп бар ма?

11:32, 24 мамыр 2024 614

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіледе, деп хабарлайды Alash.kz  ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Министрлік не дейді

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының күшімен және жергілікті атқару органдармен Марқакөл ауданы Боран ауылында қапшықтарды төсеу және бөгеттерді биіктету бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

Тәулік ішінде 470 қап төселіп, ұзындығы 250 м үйінді бекітілген.

– Қара Ертіс өзенінің деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде, – делінген министрліктің хабарламасында.

Қытайдағы бөгеттің жарылуы

Қытайда кеше бөгеттің бұзылғаны белгілі болды.

Бұл жағдайға Су және суару министрлігі түсініктеме берді. Олар Қытайдан келген әріптестерімен үнемі байланыста екенін хабарлады. Қытай тарапы трансшекаралық өзендер арқылы 1400 м3/с су ағызатынын хабарлаған.

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ, деп нақтылады министрлік.

– Боран гидропосты ауданындағы Қара Ертіс өзеніндегі су шығыны бүгінде 1700 м3/с, су деңгейі 543 см құрады. Ағынның қашан жететінін ескере отырып, Қара Ертіс өзенінің – Боран ауылының гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Осыған байланысты, ШҚО Қазсушар филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контррегуляторы) ағызу 500 м3/с-тан 800 м3/с - қа дейін ұлғайтылды, жағдай министрдің ерекше бақылауында", - деп хабарлады министрліктегілер.

Министр Нұржан Нұржігітов ертең Шығыс Қазақстан облысына барады.

Аудандарға тараған хабар

Қара Ертіс өзенінің маңайындағы аудандарға мынадай хабарлама тараған. 

– Қытай Халық Республикасы, Буршын ауданында су қоймасы жарылды. Осы су қоймасындағы жиналған су Қара ертіске құяды, өзен деңгейінің мөлшерден тыс көтерілуіне байланысты Қара Ертіс өзенінің жағалауына бармауларыңыз сұралады, – делінген ақпаратта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар