Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырылған жылқыларға өтемақы төленбейді, бұған шаруалардың өздері кінәлі - МИНИСТРЛІК

15:17, 30 мамыр 2024 610

Ауыл шаруашылығы министрлігі қыста Қарағанды мен Ұлытау облыстарында қырылып қалған жылқыларға өтемақы төленбейтінін айтты. Ол бұл Сенат отырысынан кейін өткен брифингте журналистердің қойған сұрағы кезінде айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Қарағанды мен Ұлытауда қыста мыңдаған жылқы қырылды. Депутат Аманжол Әлтай мұны «жарты ғасырда бір келетін жұт» деп бағалады. Осы орайда министрлік бұл жағдайды жұт деп мойындай ма?»,– деп сұрады журналист.

Министр бұл жағдайды жұт деп санамайтынын алға тартты. 

«Жоқ, жұт емес. Өйткені Ұлытау облысына осы мәселегебойынша екі рет бардым. Өлген малды жою жұмыстарын қадағаладым. 1574 өлген жылқы малы жойылды. Қазақстанда 3,8 млн бас жылқы бар екенін ескерсек, қырылған жылқы саны бұл көлемнің 1 пайызына да жетпейді. Ауыл шаруашлығымен айналысатын кәсіпкерлер малды далада ұстап өсірсе де, малға ие болуы керек. Қадағалауы қажет. Әрқайсысының өзінің жауапкершілігі болады. Мұны жұт деп айтуға келмейді. Жұтта тек қана жылқы қырылмайды. Онда қой малы да, ірі-қара да қырылуы керек еді. Жұт мал таңдап келмейді», – дейді Бердалин.

Министрлік жылқылардың қырылып қалуына шаруалардың өздері кінәлі екенін айтты. 

«Өтемақы берілмейді. Өйткені бірде-бір жылқышы, бірде-бір жылқының иесі «бұл менің жылқым» деп келмеді. Себебі ветеринария туралы заң мен әкімшілік кодекске сәйкес, 7 күн ішінде өз малыңызды есепке қоймасаңыз, идентификация жасамасаңыз сізге айыппұл салынады. Олар айппұлдан құтылғысы келді ме, «малдың иесі менмін» деп келген жоқ. Сондықтан бұл иесіз мал», – деді вице-министр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар