Қырғызстан азаматы Максат Эсенбаев Қазақстанда еңбек құлдығына түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қырғызстандық жүк көлігінің жүргізушілері Эсенбаевты трассада тауып, Жамбыл облысының Мерке ауылы маңына алып кеткен.
Ер адамның айтуынша, ол 1984 жылы Ыстықкөл облысының екінші Көк-Мойнок ауылында туған. Ол досымен бірге Қазақстанға жұмыс іздеп келген, бірақ екеуі де құлдыққа түскен.
Қырғызстандық азамат жаңа құжаттар рәсімдеуді жоспарлап отыр, өйткені бұрынғы жұмыс берушісі ескі құжаттарын тартып алған. Ол отанына оралу үшін туыстарын іздеуде.
Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.