Әлеуметтік желілерде хитке айналған «қаздан қашқан бала» бейнежазбасының басты кейіпкері – үш жасар Керей Махамбетұлы ерекше сыйға ие болды. Ақтөбе қалалық ауыл партиясы кішкентай батырға 100 қаз табыстады, деп жазады Alash.KZ.
Бұл видео желіде 200 миллионнан астам қаралым жинаған. Тіпті, америкалық рэпер Snoop Dogg та роликті өз парақшасында жариялап, көпшіліктің назарын аударған еді.
Керей Ақтөбенің Күншуақ шағынауданында тұрады. Әкесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасында жылқы, пони және қаз өсіреді.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты естіп, түрлі пікір қалдырды:
«Енді жүз қаздан қаша ма?», «Бизнес басталып кетті», «Үйрек, қаз фирмасының басшысы болсын», «Құтты болсын», «Менде қаздан қашпасам», - деп жазды олар.