Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасының ойыншылары – «Реал Мадрид» клубының футбошыларын қарсы алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Футболдың әлемдік жұлдыздары Алматыға бүгін түнде жетті.
«Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтар қазақы қонақжайлық пен ыстық ықыласқа бөленді. Қазақстан тарапы УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында шертіп, ерекше әсер қалдырды», - деп хабарлайды Алматы әуежайының баспасөз қызметі.