Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түсті

16:31, 08 сәуір 2026

Қазақтың көрнекті ақыны әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы сыр беріп, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, деп жазады Alash.kz.

Қазіргі уақытта 84 жастағы қаламгер дәрігерлердің жіті бақылауында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Мұхтар Шаханов» қорының төрағасы Нұржігіт Ысқаққа мәлімдеме жасады.

Қор төрағасы Нұржігіт Ысқақ әлеуметтік желідегі парақшасында ақынның жағдайына қатысты мәлімдеме жасап, қалың көпшілікті ақын үшін тілекші болуға шақырды.

Ол өз жазбасында: «Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық, көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!» - деп атап өтті.

Ақынның нақты қандай диагнозбен ауруханаға түскені туралы қосымша мәлімет әлі жарияланған жоқ. Мамандар егде жастағы жазушының ағзасын қалпына келтіру үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуде. Қоғам өкілдері мен оқырман қауым әлеуметтік желілерде ұлт руханиятының көрнекті тұлғасына амандық тілеп, қолдау білдіріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар