Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтың әйелдері күтінбейді, балалары сапасыз: Коуч әйелдердің жылдап бала туатынын сынға алды

12:30, 18 маусым 2025 375

Өзін педагог-психолог, кәсіби коуч деп таныстырған Мира Ерланқызы сұхбат беріп, қазақтардың бала тәрбиеудегі қателігін айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Подкаста қазақ балалары дұрыс демала алмайды деген ол бұның негізгі себебі ата-аналардың әдеті мен тұрмысында жатқанын айтып, қазіргі өзекті проблема – гаджетсіз бала өсірудің тәсілдерін сөз еткен.

Сөз арасында көп балалы әрі балаларының арасы жиі келіншектердің физикалық және рухани саулығы қалай болатынын, одан бөлек, ондай әйелдердің балаларында қандай проблемалар болуы мүмкін екенін айтқан.

«Бала туғаннан кейін дәрігер анасына «балаңызды емізіп жүрсеңіз де келесі балаға аяғыңыз ауыр болып қалуы мүмкін, сақтанып жүріңіз» деп ескерту жасайды. Жалпы, бір баладан кейін тағы да дені-сау, ақыл-есі түзу баланы өмірге әкелу үшін арада кем дегенде үш жыл өтуі керек. Қазір көбі әрине «біздің де арамыз жиі» деуі мүмкін. Інім екеуміздің арамыз да 1,5 жас. Біз қырық жасқа дейін бәрі жақсы деп жүрдік, бірақ проблема қырық жастан кейін басталады. Мен бірінші бала болған соң менің денсаулығым жақсы, ал інімнің денсаулығы қазір мәз емес», - дейді ол.

Дегенмен подкаст басында ол бала кезде қияли болғанын, қазір ойлана келе өзінен аутизмнің белгілері болғанын және көзі нашар көретінін айтып, «өмірді өз жанарыммен көрген адам емеспін» дейді. Бұдан бөлек ол қазақ әйелдерінің тез қартаюына жиі бала туып жатқаны себеп дейді.

«Балалардың арасының жиілігі – қазақ әйелдерінің тез қартайып кетуіне себеп. Өйткені ананың ағзасы демалу керек», - дейді ол.

Кәсіби-коучтың айтуынша, бала өмірге келіп, өскенше бірнеше ауыр дағдарысты бастан кешіреді.

«Бірінші дағдарыс - бала өмірге келе сала, құрсақтан шыққанда, танымайтын әлемге келгенде болады. Одан кейін 1 жас пен 1 жарым жас аралығында балада сепарация басталып, үлкен дағдарысқа түседі. Мамасы көкіректен айырады, аяғы шығады. Осындай дағдарыс кезінде көбіне ана екінші баласын әкеп отырады. Ал ана үлкен баласы қиналып тұрады. Оның жандүниесіне көмек керек», - дейді ол.

Яғни, ойын түйіндеген коуч ана мен бала арасында үш жасқа дейінгі байланыс өте маңызды рөл атқаратынын айтып, ғылым баланы үш жасқа дейін «рухани эмбрион» деп атайтынын еске салды. «Осы уақытта баланың рухы дамиды» дейді ол.

«Біз қазақтың баласы жасық дейміз. Қазақтың баласы жасық емес, қазақтың баласы дер кезінде әлеуметтенбеген. Мен көп балалы болма деп айтпаймын, бірақ арасына жылдар салу керек. Менің бір құрбым бар. Бірінші баласын 26 жасында туды, қазір төрт баласы бар. Бәрі оған «жас кезіңде туып ал, өздері өсіп кетеді» дейтін. Өздері өсе береді ғой, бірақ бала рухани жағынан, адам ретінде өспей қалады. Менің құрбым олай істемеді. 41 жасына дейін арасы 4,5 жастан төрт баласын туып алды. Қазір балаларына қараймын да «сапалы балалар» деймін. Ол «бірінші баланы нақты тәрбиелеуге уақытым болды» дейді. Екінші баласы бірінші баласының дағдыларын қайталаған. «Ол екеуіне жетпей тұрғанын салып жібергенде үшіншім одан да мықты болды» дейді. Сондықтан, әйелдің ағзасы үш жыл демалу керек», - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар