Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақтың рухын, халқымыздың мықты мінезін көрсеттің». Тоқаев Елдос Сметовке хабарласып, жеңісімен құттықтады

23:14, 27 шілде 2024 1049

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Ақордаға сілтеп. 

– Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше! – деді Президент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар