Қазақтың қос қызы, танымал спортшылар бір-біріне сыйлық беріп, бірге уақыт өткізген кезін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Назым Қызайбай Абиба Әбужақыноваға Victoria's Secret брендінен сыйлық және airweave матрасын сыйға тартты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы msports.kz порталына сілтеп.
"Медальді енді көріп тұрмын. Маған сыйлық әкеліпті. Көп рақмет. Сен үшін қуаныштымын", - деп жазған Абиба желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада жүлдегерлері қандай сыйлыққа ие болғаны туралы жазған едік.