AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай “Қазақтарды қалай басқаруға болады?” кітабы туралы тың дерек айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
ТикТок желісіндегі қатты сыннан кейін Бақытжан Бұқарбай кітаптың сатылымнын толық алынып тасталғаны туралы айтты.
– Бұған дейін ағаларымыздың әрбірімен кездесіп, кітаптың мақсат-мүддесін жеткізіп айттым. Баспагер болған соң кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек. Ешқашан халықтан өзімізді биік қойған жоқпыз. Оларға ұнамағаны – мұқаба болып тұр. Мұқаба көңіл көншітетіндей емес дейді. Мазмұнын түсінбей қаласың дейді. Біз сондықтан, бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты бүгін түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ, – дейді Бұқарбай.