Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты

16:37, 11 мамыр 2024 663

Keshyou тобының қыздары әлемге әйгілі америкалық рэпермен шығармашылық байланыс орнатып, ән жазды. Олар рэперді құрметтеп шапан жапты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Олар Instagram желісінде «Қазақтар Снуп Догты қазақтың ұлттық киімімен таныстырды» деген жазба қалдырған.

Ал, танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-тың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтып, жазба жариялады. 

«Қызығушылықты соңына дейін қалдырғымыз келген, бірақ Snoop Dogg мұны біз үшін жасады. Снупи, сен аңыз адамсың! Менің құрметті оқырмандарым, сіздерден лүпіл (лайк) басуды, әрине біздің туымызды қалдыруды сұраймын. Әлем біздің қыздарымызды тануы керек, олар шынымен керемет емес пе?!!! Аида, қымбатты құрбым, Снупқа сенің шапаның мен бас киімің ұнады және оны видеода мәңгі есте қалдырды», - деді елге танымал продюсер. 

Мұнымен қоса, қазақтың ұлттық нақыштағы шапанын киген америкалық рэпер әлеуметтік желідегі жеке парақшасында фотосурет бөлісіп, елдің назарын бірден өзіне аударды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар