Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды

19:40, 01 қаңтар 2026

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылар рейтингін жарияланды, деп жазады Alash.kz Boxrec.com сайтына сілтеме беріп. 

Рейтингтің бірінші сатысында Жәнібек Әлімханұлы тұр. Ол қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы болып қала береді.

Дегенмен спортшыдан 15 қарашада тапсырған допинг-сынамадан мельдоний табылған еді. Егер кінәсі дәлелденсе, чемпиондық белбеулерінен айырылып, дисквалификациялануы мүмкін.

Сондай-ақ үздік үштікке Сұлтан Зауырбек пен Жанқош Тұраров енді.

Топ-10 тізіміндегі боксшылар:

Данияр Елеусінов
Бек Нұрмағанбет
Бекман Сойлыбаев
Батыр Жүкембаев
Руслан Мадиев
Елшат Нығметолла
Садриддин Ахмедов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар