Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің облыстары мен республикалық маңызы бар қалалар Абай облысына бір-бір әлеуметтік немесе мәдени нысан тарту етеді, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Нақты қай өңірлер екені вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды.

Өңірлер жоспарлаған нысандар тізімі:
Маңғыстау облысы – Достық үйін;
Түркістан облысы – Көрме орталығын;
Қызылорда облысы – «Анаға тағзым» орталығын;
Ақтөбе облысы – Жекпе-жек сарайын;
Астана қаласы – «Келешек» мектебін;
Алматы қаласы – Медиаорталықты;
Қарағанды облысы – Ботаникалық бақты;
Батыс Қазақстан облысы – Линеарлық паркті;
Қостанай облысы – Руханият орталығын;
Павлодар облысы – Үстел теннисі орталығын;
Атырау облысы – «Абай әлемі» ғимаратын;
Шымкент қаласы – Өнер орталығын;
Солтүстік Қазақстан облысы – Мемлекеттік рәміздер алаңын;
Шығыс Қазақстан облысы – Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.