Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісін жаңадан тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, – делінген ресми хабарламада.