Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның алты өңірінде су тасқыны салдарынан жол қозғалысы шектелді

20:16, 10 сәуір 2024 432

Қазақстанның алты өңірінде су тасқыны салдарынан жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Қазавтожолға" сілтеме көрсете отырып.

10 сәуір күні сағат 18.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарда қардың күрт еруіне байланысты шектеулер байқалды. Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалпы ұзындығы 5825 метр болатын тоғыз жол торабын су шайған. 

Алты өңірдегі республикалық маңызы бар 14 автожолда қозғалыс шектелді. Атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 658 км ұзақтықта қатынас шектелді.

Жол қатынасын қалпына келтіру үшін 726 бірлік техника мен 1713 адам жұмылдырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар