Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстаннан неге кетіп қалды?". Астанада Мұхтар Мағауиннің жеті күндік асы берілді

17:36, 17 қаңтар 2025 600

Астанада Халық жазушысы, белгілі қаламгер Мұхтар Мағауиннің жеті күндік асы берілді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Асты Қазақстан Жазушылар одағының Астанадағы филиалы, достары, бауырлары ұйымдастырған. Марқұмды еске алып, қол жаюға туған-туыстары, ақындар мен жазушылар, парламент депутаттары, оқырманы келді. Бұл жайлы ulysmedia.kz порталы хабарлады. 

Ақын Дәулеткерей Кәпұлы бүгін Астананың Бас мешіті мен Әзірет Сұлтан мешітінде Бас мүфтидің пәрменімен Мұхтар Мағауиннің рухына арнап, құран-қатым түсіріліп жатқанын айтты.

-Бұл дегеніміз Мұхтар ағамыздың ұлтының алдында адал ұлдың, арыстың өтеуге тиіс парызын толық ақтағанының белгісі деп ойлаймыз, – деді ол.

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көпшілік алдында “жазушы елден неге кетті” деп сұрақты ортаға тастады.

- Қазақстаннан кетіп қалды. Шынында да, не себепті бұл кісі кетіп қалды? Кімге өкпеледі? Кім бұл кісіге өз елінде жасатқызбады? Не себепті кетті екен деп көп ойландым. Ол әрбір кісіге өкпелеген жоқ. Қазақ бүгінге дейін басын біріктіре алмай жүр. Басын қоспады. Алаштан бастап бір-бірін түрткілеп, бір-біріне жазады. Ол кісіге де жазды. Ол кісі сыртқа шығып, қазақтың мүддесін қорғады. Күллі шығармасында қазақты көтерді, қазақ халқын, Қазақстанды көтерді. Жерін көтерді. Ол қазақты жаман көрсе, осындай шығармаларды жазар ма еді? Марқұмның жатқан жері жайлы болсын, – деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар