Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға да, Тоқаевқа да сенбеймін: Айдос Садықовтың әйелі күдіктіні Украина сотына беруді сұрады

25 маусым 2024 288

Оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова Қазақстанның құзырлы органдарына сенбейді. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.  

Өткен сенбіде Қазақстан Бас прокуратурасы Киевте Садықовқа қастандық жасады деген екі күдіктінің бірі Алтай Жақанбаевтың ұсталғанын хабарлады. Прокуратура Жақанбаевтың суретін не видеосын көрсетпеді. Қай жерде ұсталғаны туралы да ақпарат жоқ.

 "Қазақстанда Бас прокуратура Айдосқа қастандық жасау бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ мен Қазақстанға мүлде сенбеймін. Қазақстанға да, тергеу органдарына да, Бас прокуратура мен Тоқаевқа да сенбеймін" дейді Садықова.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстанның ресми органдары "істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеуге қатысуға дайын" деген.

Украина Жақанбаевты экстрадициялауды сұрады ма, жоқ па белгісіз. Азаттық бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасынан сұрап, ресми хат жолдады. Жауап әлі келген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?