Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық волейболшылар жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді

17:00, 01 қараша 2026

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жағажай волейболынан Дакар қаласында (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, кезекті ойында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныштан құралған қазақстандық жұп Гана өкілдері Джастис Амоафо мен Даниэль Лартимен кездесті.

Отандастарымыз қарсыластарынан екі сетте басым түсті. Алғашқы сет 21:19 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 21:13 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін топтық кезеңде Сауд Арабиясының құрамасынан басым түскен болатын.

Айта кетейік, жағажай волейболынан жарыстар Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы аясында ұйымдастырылуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар