Қазақстандық студент Ресейде терроризмге үндеді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
23 жастағы қазақстандық Гарри Азарян Ресейде ұсталып, терроризмге үндеу бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында екі айға қамауға алынды.
Telegram-дағы «Бумага» арнасының мәліметінше, Азарян — саясаттану мамандығы бойынша бакалавр дипломының иегері және қазіргі уақытта Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистратурасында білім алып жатыр.
Тергеу нұсқасы бойынша, Азарян қаңтар және ақпан айларында коммунистік «Жұмысшы билігі» ұйымының съездеріне қатысып, революция, өшпенділік және көше күшінің рөлі туралы мәлімдемелер жасаған.
Ресейлік құқық қорғау органдары бұл сөздерді терроризмге үндеу деп бағалаған.
Сәуір айында РИА «Новости» Санкт-Петербург мемлекеттік университетіндегі троцкистік студенттер ячейкасы — «Жұмысшы билігі» туралы жазған болатын.
Басылымның мәліметінше, бұл ұйымның басқару орталығы Ұлыбританияда орналасқан халықаралық желінің бір бөлігі болуы мүмкін.