Алматыда «Қазақстандық ата-аналар одағы» мен «Феминита» ЛГБТ ұйымының арасында дау туды, деп жазады Alash.KZ.
«Қазақстандық ата-аналар одағының» жетекшісі Бағила Балтабаева бастаған топ «Феминита» ұйымы ұйымдастырған құқық қорғау мектебінің іс-шарасына баса-көктеп кіріп, полиция шақыртуға мәжбүр болған. Оқиға кезінде бірнеше адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Шараға қатысқан «Феминита» ұйымының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаева, шақырылмаған қонақтарға орын ұсынып, ақпарат алу мүмкіндігін ұсынғанымен, олар бас тартып, барлығын видеоға түсіре бастаған.
Бұл жағдай дауға айналды. Бағила Балтабаева ұйымдастырушыларға: «Мұндай мектептерді қандай негізде ашып жатырсыздар? Ақша жұмсап қалудың амалы ма?» деп сұрады.
Дау барысында Бағила Балтабаева барлық ЛГБТ белсенділерінің іс-шараларына қатысатынын және полицияға хабарласқанын айтып, шараға кәмелетке толмағандар қатысып отырғанын мәлімдеді. Жанар Секербаева мен оның әріптесі Гүлзат Сержан полицияға шақырылып, оларды бөлімшеге алып кетті.
Айта кетейік, осыған дейін Жанар Секербаева АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) тарапынан қаржыландыруды жоққа шығарған болатын.
Сонымен қатар, ол Дональд Трамп пен Илон Маскіні сексистік және мизогиндік пікірлерді білдіретін тұлғалар ретінде бағалап, олардың әрекеттерін ақымақтық деп атаған.
Бұл оқиға Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың, әсіресе ЛГБТ құқығын қорғаушылардың жұмысына қатысты қоғамдық пікір мен заңнамалық талқылауларды қайта қозғап отыр.
Ал оқырмандар: "Осыларға заң жоқ па?", "Тозақта жаныңдар", "Мектепке кіруіне кім рұқсат берген бұларға? Мектепте осындай нәрсеге насихат жүргізсе онда қайдам?", "Қамау керек, бұлардың орны түрме" деп жазып жатыр.