Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстандықтар жарты жыл бойы бізге күл шашты". Бишімбаевтың әпкесі ресейлік блогермен байланысы жайлы айтты

13:07, 04 мамыр 2024 1481

Қуандық Бишімбаевтың әпкесі Аружан Бишімбаева отбасының барлық мүшелері қазақстандықтар тарапынан қысым, қағажу көріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қуандық Бишімбаеваның әпкесі неге ресейлік блогер Наталья Грейске сұхбат беруге шешім қабылдағандарын ашып айтты.Ол блогердің отбасымен хабарласып, сұхбат алуға рұқсат сұрағанын атап өтті.

"Наталья Грейс өзі келіп, сөйлесуді, сұхбаттасуды өтінді. Бірақ менің ойымша, бұл ерте ме, кеш пе, бәрібір болар еді. Себебі қазірдің өзінде бізге қарсылар, атарға оғы жоқ жандар көп. Алты ай бойы бәрі біздің басымызға күл төкті. Ешкімді шындық қайда екені, не өтірік қайда екені қызықтырмайды. Менің ата-анамның жоғалтатын ештеңесі жоқ. Біз ағамызға не болатынын білмейміз. Кімге ұнайды, сенсін, кімге ұнамайды, сенбесін", - деді бұрынғы экономика министрінің әпкесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар