Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтар Әбиба Әбужақыноваға пәтер сыйламақ

09:55, 31 шілде 2024 1025
Париж Олимпиадасында үлкен үміт күткен қызымыз Әбиба Әбужақынова сәл ғана сүрініп, жеңіс жолынан шығып қалғаны күллі қазақстандықтардың жүрегіне салмақ салғандай. Алайда жерлестері мұңайған қызды қолдап, демеп жатыр әлеуметтік желіде. 
Alash.KZ сайты Әбиба қарындасымызға жылы тілек арнап, жылы сөзбен көңілін көтеріп жатқан азаматтардың пікіріне шолу жасаған еді. 
"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, қазақтың жігіттері!", -деді Айдарбек Қожаназаров.
  Ал белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекеев мырза да қарап қалмайтын сияқты. 
Токио олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен ASSYLTAS стипендиясының иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар? - деп жазды.
Демек, Тастекеев те қарап қалмайды деген сөз.
Айтыс ақыны Мұхтар Ниязов Әбиба қарындасымызға үй алып берейік дегенді айтыпты. 
 
Жігіттер болса бір жөн, қыз балалардың жаны нәзік, адымы қысқа ғой. Өткенде Әбиба қарындасымыздың сәтсіздігіне егілген сәтін, оған қолдау керектегін жазған жазбама мыңға жуық адам лайк басып, үш жүзге жуық адам бөлісіп, бес жүзге жуық адам қолдап пікір білдіріпті. Яғни елдің көбінің көкейіндегі ой сияқты. Артынша Әбибаның Атырауда амалдап иптотекаға алған үйінде тұрып жатқанын естідім. Атырау деген тұтас Қазақстанның тамырына қан құйып тұрған өңірлердің бірі ғой. Әлемдік додаларда олжа салып жүрген қарындастың жоғын түгендеп, жан-жағын қамдап қоюға көп қаражат кете қоймас. Әрине мемлекеттің нақты нәтижеге берілетін сый-сияпаты бар. Біздің айтып отырғанымыз қазақы жол, ағалық қамқорлық жолы.
Нұрсейіт Жылқышыбай бауырымыз қалжыңдап өзбек елінің алтын алған қызына “қала беремін” деп жатыр, мен соны “өзіміздің қызға үй беруден бастай берсек” деп отырмын" - деп жазды Ниязов өзінің парақшасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар