Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандағы Hyundai зауыты "геосаяси жағдайға байланысты" кей көліктерді шығаруды тоқтатқанын хабарлады

13:35, 22 тамыз 2022 277
[ad_1]



Қазақстанда Hyundai көлігін құрастыратын Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Автокөлік сататын және көлік иелеріне сервистік қызмет көрсететін қазақстандық Astana Motors компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыттың көлік құрастыруға қажетті бөлшектері таусылған.


Мәлімдемеде "Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресейден жабдықтар жеткізілмейтін болды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жабдықтарды пайдаланып жұмыс істеді" делінген. Баспасөз мәлімдемесіне сенсек, қажет бөлшек түгел таусылған, ал жаңасы жақын арада келмейді.


Кәсіпорын Hyundai Motor Company-мен "басқа елдерден бөлшектер жеткізуге шұғыл квота бөлу жөнінде келісті. Қазір болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер мәселесі пысықталып жатыр".


Зауыт көлік сатып алу үшін кезекке жазылғандарды құрастыру қайта басталғанша күте тұруға немесе Hyundai көлігінің басқа модельдерін алу үшін кезекке тұруға кеңес берді.


Hyundai Trans Kazakhstan – Astana Motors компаниясының еншілес кәсіпорны. 2003 жылы құрылған кәсіпорынның зауыты Алматы қаласында орналасқан. Зауытта Оңтүстік Кореяда шығарылған жабдықтар боялып, дәнекерленіп құрастырылады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея үкіметтерінің 2019 жылғы келісімі бойынша, зауыт жылына 30 мың, екінші кезеңінде 45 мың көлік құрастыруы керек болған. Оған 28 миллиард теңге инвестиция құйылған. Қаражаттың 30 пайызы Astana Motors компаниясына тиесілі, ал 70 пайызы мемлекет меншігіндегі "Қазақстанның даму банкі" мен оған еншілес "ҚДБ-Лизинг" компаниясынан алынған несие.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар