2024 жыл, 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясы бірлесе отырып терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 2 шетелдік азаматты ұстады. Деректерге сенсек, ұсталғандар радикалды діни идеологияны насихаттаған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы ҰҚК-ке сілтеме жасап.
Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.