Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

17:31, 13 қазан 2026

Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

— ҚР сайлау туралы заңның 12-бабының 14-тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Президенттің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынады, — деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар