Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілді

05:38, 09 ақпан 2024 345
Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова тиісті қаулы қабылдады.

2024 жылы 8 ақпанда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.
«Қазақстан халқы арасында инфекциялық аурулардың (қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулар) таралуының алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде персонал мен емделушілерге маска режимін енгізуді  қаулы етемін. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына,  аумақтық департамент басшыларына осы шараларды қолға алуды тапсырамын», – деді А.Есмағамбетова.

Құжатта қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі. Қаулының іске асырылуын өзім қадағалаймын. Қаулы қабылданғаннан күннен бастап әрекет ететіне жазылған.  Бұдан бөлек, адам көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда әуежайда, теміржол вокзалдарында, сапаржайларда, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде маска тағу ұсынылады.

Фото: Pixabay

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар