Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстанда квартира арзандай ма?": Маман жауап берді

19:31, 26 шілде 2024 864

Алдағы уақытта пәтер бағасы өспесе, түспейді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков болжамын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

«Кейінгі 10 айда республика бойынша пәтер бағасы бірінше пайыз түсті. Бұл немен байланысты деп ойлайсыз? Астанада да, өңірлерде де баспана үлкен ауқыммен салынып жатқанын ескерсек, баға әрі қарай да түсе бере ме?» - деп сұрады  журналист бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы пәтер бағасы өспесе, түспейтінін айтты.

«Бұл жерде пәтер бағасының күрт түскені байқалмағанына сендіре аламын. Өйткені инфляция баспана бағасына қалай да әсер етеді. 2024 жылдың алғашқы жартысындағы қорытынды бойынша қолданысқа беріліп жатқан баспана ауданының өсу тенденциясы бар. Құрылыс шығындарының орташа статистикасы да 2-3 пайыз көлемінде өсті. Дей тұрғанмен, жасалған мәмілелер саны төмендеген. Біз пәтер құнының түсуін дәл осы мәмілелердің азаюымен байланыстырамыз. Жалпы пәтер бағасының күрт өсуін немесе күрт түсуін күтіп отырған жоқпыз. Біртіндеп өсе береді деген болжам бар», - деді Бақытжан Жүнісбеков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар