Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда Конституцияға өзгерістер бойынша референдум басталды

01:20, 05 маусым 2022 297
[ad_1]



Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум басталды. Жексенбі, 5 маусымда таңертеңгі сағат 7-де сайлау учаскелері ашылды. Олар кешкі сағат 8-де дейін істейді.

Ресми мәлімет бойынша, елде бүгін 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Елде дауыс беруге құқығы бар 12 мыңнан астам азамат бар.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қызылорда және елдің батыс өңірінде сайлау учаскелері бір сағат кеш ашылады.

  • Азаматтар 33 бапқа ұсынылған түзетулер бойынша дауыс береді. Бұл өзгертулерде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру; президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу; парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылған.

  • Ақорда "мемлекеттік құрылымның жаңа моделіне өтеміз", президент құзыретін азайтып, парламентті күшейтеміз деп уәде берген. Бірақ сыншылар көп өзгеріс бола қоймайды, билік "суперпрезидент жүйесінен" бас тартпайды дейді.

  • Осыған дейін бірқатар белсенділер, құқық қорғаушылар Конституцияға өзгерістерді қоғамда талқылауға жеткілікті уақыт берілмегенін айтып, референдумды кейінге шегеруге үндеген. Кейбірі оған бойкот жариялауға шақырған. Алайда билік реакция білдірмеді. Мамыр соңында халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан билігі түзетулерді референдумға шығармастан бұрын "ірі талқылау өткізіп, өзгерістерді қарастыруы тиіс" деген. HRW мәлімдемесінде Қазақстан билігі ашық саяси жүйе құру міндетін мойнына алғанмен елде пікірін ашық айтқан белсенділерді қудалау жалғасып жатыр деп атап өткен.

  • Үкімет референдум өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге қаражат бөлетінін мәлімдеген.




[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар