Су тасқыны кезінде қап тасыған Пшон атты иттің ескерткіші қайда қойылады? Бұл туралы Alash.kz Qazaqparat-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Аталған архитектуралық туындыны жасаған шебер әкімдікке хабарласты. Оған туындыны Махамбет ауданының орталығына қою туралы ұсыныс берілді. Алайда туынды авторы бұл ұсыныспен келіспей отыр. Ол туындысын Атырау қаласында орнатуды ұсынды. Оны облыс орталығына қоюдың мүмкіндігі жоқ. Осылайша, әзірге қашан, қайда қойылатыны жөнінде нақты шешім қабылданбады», — деп мәлім етті Руслан Жұмағазиев.