Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда газ бағасы көтерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, министрлік газ бағасын өсіруді көктемге жоспарлап отыр.
«Бұл жерде біз жүйелі жұмыс туралы айтып отырмыз. Біз сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын көтеруді жоспарлап отырмыз. Биыл аймаққа байланысты Т5-8 шамасында шамалы өсуді жоспарлап отырмыз. Бұл өсім министрліктің биылғы көктемгі жоспарында», - деді Сәтқалиев Энергетика министрлігінің брифингінде.