Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда дау тудырған 66 жастағы қарияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

09:00, 05 тамыз 2026

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында тойда түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

“Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталды”,- делінген полиция хабарламасында.

Министрлік Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

“Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді”,- делінген хабарламада.

ІІМ сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар