Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда бастауын Буратиядан алатын тәңіршілдік орталығы ашылды

10:59, 10 шілде 2024 1249

Қазақстанда Бурятияда құрылған «Тэнгэри» атты шаман орталығының филиалы пайда болғаны хабарланды. Орталықтың елде ашылғаны жайлы «Буряад унэн» басылымы жазды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Отандық БАҚ-та Қазақстанда Бурятияда құрылған «Тэнгэри» атты шаман орталығының филиалы пайда болғаны жазыла бастады:

«Тэнгэри» шаман орталығының Қазақстандағы филиалы орталығымыздың дамуына қосқан үлесі үшін «Тэнгэриин Мургэлэй Хусэн» марапатын алды», - деді «Тэнгэри» орталығының Қазақстандағы филиалының басшысы Баир Цырендоржиев.

Тәңіршілдік - Еуразия далалары мен Орталық Азияның түркі-моңғол көшпенділерінің және олардың ықпалына ұшыраған халықтардың Тәңірге табынатын ортағасырлық этникалық діни түсініктердің бірі.

Ulysmedia.kz порталының жазуынша, бұрындары білім беру саласының сарапшысы, бірқатар кітаптардың авторы, кәсіпкер Ғабит Бекахметов Қазақстанда «агрессивті тәңіршілдіктің» таралуы туралы пікір білдіріп, ой айтқан.

«Қазіргі Қазақстандағы ең деструктив идеология - тәңіршілдіктің агрессив формасы. Бұл агрессивті идеология жетістікке жетсе, қазақтар сенімінен, тілінен, бірлігінен айырылады», — деді ол.

Соңғы уақыттарда тәңіршілдік сеніміне қатысты талас-тартыстар елімізде тереңдеп кетті. Естеріңізде болса, қазақтар ислам діні емес, тәңіршілдік бойынша жерленеді деген блогердің сөзі желіде дау туғызғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар, Қазақстанда тәңіршілдік сенімін дін ретінде мойындалуды талап ететін петиция да жарияланды. Мәжіліс кулуарында Еділ Жаңбыршин тәңіршілдікі талап еткендердің "адасушылар болуы мүмкін" екенін айтып, Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлардың "адаспағанын" ескерткен. 

Сол кезде депутаттың пікірі де қоғамды екіге жарып, қолдайтындар да, айыптағандар да әлеуметтік желіде тартысқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар