Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда бала психикасына қауіпті мобильді ойындар мен кітаптар тізімі жариялады

11:01, 27 қыркүйек 2024 288

Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларға қауіпті кітаптар, онлайн ойындар мен топтардың тізімін жариялады. Тізім ата-аналар чаттарына таратылған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Балалар құқықтарын қорғау комитеті барлық мектеп чатына қауіпті топтар мен кітаптардың тізімін, сондай-ақ назар аудару керек белгілер мен балаларды түрлі қатерлерден қорғау үшін көмекке жүгінуге болатын қызметтердің байланыс мәліметтерін қамтитын ескертуді жіберді", - деп жазды Динара Закиева Instagram-дағы парақшасында. 

Балалар омбудсмені ата-аналарға балаларының жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін жаттап алғанына көз жеткізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар балалар өмірге қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінгені де аса маңызды дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?