Танымал ұстаз Өмір Шыныбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысының Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы шешіміне байланысты пікірін жариялады. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.
Ол бұған дейін 2012 жылғы мәслихат сайлауына және 2023 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқанын айтып, сайлау үдерісінде мұғалімдердің атына сын айтылғанын еске алды. Ұстаздың пікірінше, алдағы сайлау науқандарында педагогтерді даулы жағдайларға араластырмау қажет.
Сондай-ақ ол жас сайлаушылардың қатары көбейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл 2007 жылы туған азаматтар 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болатынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа буын әділетсіздікке бейжай қарамайды.
Жазбасында Өмір Шыныбекұлы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық құрылымға да тоқталды. Ол елде олигархиялық ықпалдың күшейіп, шынайы орта таптың толық қалыптаспай отырғанын айтты. Мұның себептері ретінде шикізатқа тәуелді экономиканы, меншік құқығының жеткілікті қорғалмауын, сот жүйесіне сенімнің әлсіздігін және экономиканың монополиялануын атады.
Ұстаздың пікірінше, тұрақты даму үшін еркін бәсеке, әділ сот жүйесі және саяси жаңғыру қажет. Ол жаңадан құрылған Конституциялық комиссия осы мәселелерді ескеруі тиіс екенін айтты.
Қазақстанда олигархтардың көп болуы мен «орта таптың» (шын мәніндегі буржуазияның) әлсіздігі — бұл экономикалық қана емес, терең әлеуметтік-саяси мәселе.Бұл феноменді бірнеше іргелі себеппен түсіндіруге болады:1. «Ресурстық қарғыс» және Мемлекеттік капитализмҚазақстан экономикасы шикізатқа (мұнай, газ, металл) негізделген. Бұл салалардың бәрі мемлекеттің немесе соған жақын олигархтардың бақылауында.ОлигархияТабиғи ресурстарды игеру үлкен капиталды қажет етеді, сондықтан пайда тек шағын топтың қолында шоғырланады.Орта таптың жоқтығыОрта тап әдетте өңдеу өнеркәсібінде, жоғары технологияларда және қызмет көрсету саласында қалыптасады. Бізде бұл салалар шикізат секторының көлеңкесінде қалып қойды.2. Меншік құқығының қорғалмауыШын мәніндегі буржуазияның қалыптасуы үшін ең басты шарт — жеке меншіктің қолсұғылмаушылығы.Қазақстанда кәсіпкер белгілі бір деңгейге көтерілгенде, оның бизнесіне «қызығушылық танытатын» ықпалды топтар пайда болады.Сот жүйесінің тәуелсіз болмауы орта кәсіпкерді рейдерлік соққылардан қорғай алмайды. Сондықтан бизнесмендер капиталын елде сақтап, оны ұзақ мерзімді дамуға салудан қорқады.3. «Лифт» жүйесінің бұзылуыКлассикалық буржуазия — бұл өз еңбегімен, білімімен және бәсекеге қабілеттілігімен байыған тап.Біздегі байлық көбіне әкімшілік ресурсқа (мемлекеттік сатып алулар, тендерлер, таныстық) байланысты.Егер байлыққа жету жолы еркін бәсеке емес, «байланыстар» болса, онда сапалы орта тап емес, мемлекетке масыл «квази-бизнес» қалыптасады.4. Орта тап па, әлде «Орташа табысы барлар» ма?Бізде көбіне мемлекеттік қызметкерлерді, банк қызметкерлерін немесе мұнайшыларды «орта тапқа» жатқызады.Бірақ бұл қате түсінік.Шынайы буржуазия - мемлекетке тәуелсіз, жеке өндіріс құралдары бар және саяси талап қоя алатын тап.Бізде «Орта тап» деп жүргендердің көбі — бюджетке немесе ірі корпорацияларға тәуелді адамдар. Олар табысы азайса, бірден кедейлер қатарына қосылады. Оларда буржуазиялық сана (еркіндік, құқық қорғау) әлі толық піскен жоқ.5. Экономиканың монополиялануыІрі олигархтар тек шикізатты емес, сонымен бірге бөлшек сауда, құрылыс, банк салаларын да иеленіп алған. Кіші және орта бизнеске тыныс алатын орын қалмады. Шағын дүкендер ірі желілермен, кішігірім құрылыс фирмалары алып холдингтермен бәсекелесе алмайды.Қысқасы, Қазақстанда олигархтар — бұл жүйенің «төбесі», ал орта тап — оның «іргетасы» болуы тиіс еді.Бірақ іргетас мықты болуы үшін еркін бәсеке, әділ сот және саяси реформалар қажет. Онсыз капитал тек жоғарыда айналып, төменге «тамшылап» қана жетеді.Кеше мемлекет басшысы құрған Конституциялық комиссия осыны ескеруі тиіс!Мен 4 аштықты, неміс тұтқыны мен НКВД түрмесін басынан кешкен адамның ұлы ретінде Қазақстанда тыныштық, тұрақтылық, тоқшылық болғанын жан-тәніммен қалаймын!" Деп жазды Өмір Шыныбекұлы өз парақшасында.