Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"33 жасқа толар еді". Бүгін - Олимпиада жүлдегері, Қазақстанын шексіз сүйген Денис Теннің туған күні

10:10, 13 маусым 2026

Бүгін тірі болғанда қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың аңызы, Олимпиада жүлдегері Денис Тен 33 жасқа толар еді.

Ол 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Денис спорттан бөлек теннис, акробатика, таеквондо, каратэ және жүзумен айналысып, сурет пен музыкаға да ерекше қызығушылық танытқан. Музыка мектебін тәмамдап, хор құрамында өнер көрсетіп, 2002 жылы Пусан қаласында өткен Хор Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған.

Дегенмен оның өмір жолы мәнерлеп сырғанаумен тығыз байланысты болды. 2003 жылы талантты жас спортшыны әйгілі бапкер Елена Буянова байқап, Мәскеуге жаттығуға шақырады. Осы сәттен бастап Денистің халықаралық аренадағы жарқын жолы басталды.

Спорттық жетістіктері

  • 2014 жылғы Сочи қысқы Олимпиадасы қола жүлдегері;
  • 2013 жылғы Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты күміс жүлдегері;
  • Қазақстан тарихындағы әлем чемпионатының алғашқы жүлдегері;
  • 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары чемпионы;
  • 2017 жылғы Қысқы Универсиада чемпионы;
  • Қазақстанның үш дүркін чемпионы;
  • Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Денис Тен Қазақстандағы мәнерлеп сырғанаудың дамуына зор үлес қосты. Оның жеңістері мыңдаған жас спортшыға шабыт беріп, елімізде бұл спорт түрінің танымал болуына ықпал етті.

2018 жылы спортшының өмірі кенеттен үзілді. Алайда оның есімі мен жетістіктері қазақстандық спорт тарихында мәңгі сақталады. Денис Тен – талантымен, еңбекқорлығымен және отансүйгіштігімен ел жадында қалған шынайы чемпион.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар